Ақтөбе облысындағы Талдысай ауылында жаңа мектеп ашылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - 25 қазан – Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Талдысай ауылында 100 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мектептің ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов және ауыл тұрғындары қатысты. 

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Салтанатты іс-шарада Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов, аудан басшысы Дархан Ермағанбетов ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. 

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Талдысай жалпы білім беретін орта мектебінде 24 мұғалім қызмет етеді, 79 оқушы білім алады. Жаңа ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 10 пән кабинеті қарастырылған. Заманауи техникалық құралдармен толықтырылды. 3 интерактивті тақта, 30 компьютер жұмыс істейді. Зертханалары да толық жабдықталған. Сондай-ақ, кең, жайлы спорт зал мен асханасы бар. 

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң және балалар ойын алаңы салынған. Бұл оқушылардың дене дамуына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал етеді. 

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Мектептің құрылыс жұмыстарын «ПК Ерзат» ЖШС жүргізді. 

Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі