Ақтөбе облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне Ләззат Оразбаева тағайындалды. Ол бұған дейін де өңірде бірнеше басқармаға басшы болған.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған Ләззат Оразбаева қызмет жолын мұғалімдіктен бастаған.

– 1990 жылы Ақтөбе педагогикалық училешесін, 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін және Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Шалқар ауданының Тоғыз орта мектебінің мұғалімі болып бастады. 1997-2011 жылдары Ақтөбе қаласының №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры болды.

2011-2024 жылдары Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысының білім, Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармаларының басшысы қызметін атқарды.

2024 жылдың ақпан айынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Ақтөбе облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметіне Досжан Әлібеков тағайындалды.