«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мамуновқа қатысты пара беруге итермелеу, алаяқтық және ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Мамунов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.
Еске сала кетсек Руслан Мамуновтың тергеуге алынғаны туралы ақпарат осы жылдың наурызында тараған еді.