Ақтөбе облысы аумағында блокпостар жоқ - департамент

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Жайсаң және Әлімбет шекара бекетінде санитарлық-карантиндік бекет жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Ақтөбе облысы аумағында блокпостар жоқ. Ал Ресеймен шекаралас екі аудан аумағында санитарлық-карантиндік бекет жұмыс істеп тұр. Олар: Қарғалы ауданындағы «Әлімбет», Мәртөк ауданындағы «Жайсаң» шекара бекеті», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Ақтөбеде 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның екеуі де симптомсыз. Өңірде барлығы 3246 жағдай тіркелді. Оның 97,9 % жазылып шықты. Қазір үй карантиніне 41 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар