«Бүгінде облыс тұрғындарының саны 800 мың адамды құрайды, оның 85 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары. Облыс орталығы мен өңірдің 6 аймағында тілдерді дамыту орталықтары ашылды. Онда 2007 жылдан 10 адам мың адам мемлекеттік тілді меңгерген. Бүгінде балаларын қазақ тілді балабақшалар мен мектептерге беретін өзге ұлт өкілдері жақсы үлгі көрсетіп жатыр», - деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
«Мен Қызылжар кентінде тудым және қазір осында тұрамын. Бала кезімнен қазақтармен жақсы араласамын. Мен қазақ халқын, олардың дәстүрін сыйлаймын. Қазақ тілін білу біздің парызымыз деп есептеймін. Сондықтан жанұямызда ақылдасып, қызымыз Дарьяны қазақ мектебіне беруге бел будық», - деді Қызылжар орта мектебінің мұғалімі Галина Горбатенко қазақ тілінде.
Кездесу соңында облыс әкімі жиынға келген қазақ тілді балабақшалар мен мектептерде білім алатын балаларға алғысхаттар мен ұялы телефондар табыс етті.