Ақтөбе облыстық бас санитария дәрігері жаңа қаулы шығарды.
Бүгіннен бастап өңірдегі карантиндік шектеу шарасы тағы жеңілдеді.
Қоғамдық тамақтану орындарында адам саны сыйымдылықтан 30 пайызға аспауы тиіс.
Яғни, мұндағы адам 50-ден жоғары болмауы керек.
Сонымен бірге, діни нысандар қызметін жандандырды. Мұнда да 30% талап сақталады.
Жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сыныптарда 25, халықаралық мектептердегі 1- 7 сыныптарда 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуға рұқсат берілді.
«Білім мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат. Тек топтарда адам саны 15-тен аспауы тиіс. Сонымен бірге бильярд клубтарының жұмысына рұқсат берілді. Балалардың ойын-сауық орталықтары да (жабық орындардағы аттракциондар, ойын алаңдары) жұмысты қайта жандандырырады. Тек мұндағы адам саны 50-ден аспауы тиіс» делінген облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.