Аталған ведомство ақпаратына қарағанда, 44 және 29 жастағы Ақтөбе облысының тұрғындары
Хромтау ауданындағы ауыл шаруашылығына алдаумен келіп, жарты жыл бойы еркінен тыс жұмыс жасаған.
«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Хромтау ауданының беделді азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК 128-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Хромтау аудандық ІІБ-нің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген Ақтөбе облыстық ІІД ақпаратында.