Ақтөбе облысында 20-дан астам автожол жобасы іске асып жатыр
Мәселен, республикалық «Қандыағаш-Мақат» автомобиль жолын реконструкциялау қарқын алған. Бұдан бөлек, Ресеймен шекаралас «Самара-Шымкент» жолының 526-590 және 965-990 км учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ал «Ақтөбе-Орск» автожолындағы «Әлімбет» өткізу бекетін жайластыру бойынша жоба-сметалық құжаттама жетілдірілуде.
Биыл өңірде жергілікті жүйені дамыту жұмыстары да қарқынды жүзеге асуда. Атап айтар болсақ, «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма» жолының 21,5-35,3 км мен «Ақтөбе-Орск» автожолындағы8-16км учаскелерінде қайта жаңарту шаралары қолға алынған.
Бұдан бөлек, жолшылар Бұлақ ауылына барар жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күрделі жөндеумен «Шұбарқұдык-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» автожолының 334-371,9 км және«Қобда-Мартық» автожолының 0-30 км учаскелері де қамтылған.
Ауқымды жұмыстар облыстық және аудандық маңызды жолдарда да іске асуда. Оларға орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.
Осы ретте бірқатар жоба бар. Бұлар: «Шалқар-Бозой-Өзбекстан шекарасы»20-50км, «Қобда-Мартық» 30-52км, «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» 111-145 км, «Ойыл-Қараой» 0-75 км, «Светлый-Кұмқұдық-Жабасақ-Байжанкөл» 10-68 км, «Ақтөбе-Родниковка-Мартық» 42-93 км, «Бородиновка-Степное» 0-15 км, «Вознесеновка-Жаңажол-Мартық-Полтавка» 0-15 км.
Орташа жөндеу Тассай, Тасөткел, Табантал, Құмқұдық, Көптоғай мен Шұбарши елдімекендеріне баратын жолдарға да жүргізілуде.
Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 6921 шақырым. Оның 1869-ы – республикалық, ал 5052-і – жергілікті маңызды автожолдар.