Бұл жерден барлығы 270 адам баспана алады. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 3 көпқабатты үй 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында салынды. Әрбір шаршы метрдің құны - 100 мың теңге шамасында. Жыл соңына дейін осы үйлерге 540 адам қоныстануы тиіс.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, өңірде 580 мың шаршы метр баспана салынады.
- Баспана үшін кезекте тұрғандар саны азаяр емес. Облыста 24 мың адам үй кезегінде тұрса, оның 18 мыңы Ақтөбе қаласында тіркелген, - деді Б.Сапарбаев.