Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау» автожолындағы жолаушылар көлігі үшін жол жабылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райы жағдайының күрт нашарлауына (қатты боран) байланысты бүгін сағат 14-00-ден бастап «Ақтөбе-Атырау» автожолында жолды жабу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ауа райы жағдайы жақсарғанға дейін 11 шақырымнан бастап 330 шақырымға дейін жолаушылар көлігі (автобустар) үшін де жол жабылды.