«Өңірдің ірі инвесторы ERG компаниясымен 1,1 трлн теңгені құрайтын жобалар іске асырылмақ. Оның ішінде:
- 1973 жылдан бастап Дөң тау-кен байыту комбинатында жиналған шламдарды қайта өңдеу;
- облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жалпы қуаттылығы 250 МВт болатын утилизациялық жарату станциясы бар.
Сондай-ақ, ERG компаниясы 878 млрд теңгеге «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының екінші кезеңін жүзеге асырмақ», - деді облыс әкімі.
Ал медицина саласын дамытуға 30 млрд теңге инвестиция тартылмақ.
«Атап айтсақ, Орхун Медикал ядролық медицина орталығы, «Қазмедприбор» медициналық бұйымдар шығаратын фабрикасы және ТМД елдер арасында алғашқы диализаторлар шығаратын зауыты салынады.