Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта 58 жастағы анасы мен 23 жастағы баласы оқ жарақатымен емханаға түсті. Екеуі 30 қазан күні түнгі сағат 1:00-де ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.
«Екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Олардың ішкі құрылысына зақым келген. Дәрігерлер ота жасап, денедегі оқ-дәріні алып шықты. Жағдайлары орташа қалыпты. Санавиация шақырудың еш қажеті болмады. Аудандық ауруханада барлық жабдық бар, дәрігерлер өз күшімен ота жасады», - деді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.
Айта кетейік, облыстық Полицияның баспасөз қызметі сәлден кейін қосымша ақпарат беретіндігін хабарлады.