Жобаны Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасы сүйемелдейді. Бұл туралы палатаның Ойыл ауданындағы филиалының директоры Алтай Дәулетов айтты, деп хабарланған ҰКП сайтында.
Осыған дейін Расул Ерсейітов «Aktobe startup» алғашқы бизнес-жобалар байқауында көшетхана құрылысына 2,5 миллион теңге алған. Ісін бастаушы кәсіпкер соңғы екі жылда жеке меншік үйінің жанында 3 сотық жерде құлпынай өсірген. «Мен үйімнің жанында тамшылай суаруды пайдалана бастадым. Нәтижесі ойлағанымнан да асып түсті: бірінші егістігімнен 530 келі «ойылдық» жеміс өнімін алдым. Сондықтан биыл құлпынайды 6 гектар плантацияға отырғызуға бел будым. Көшетханада құлпынай мамыр айының басынан қараша айының соңына дейін жеміс беретін болады. Сонымен бірге мен жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ете аламын», - деп өз жоспарымен бөлісті Р.Ерсейітов.
Палата филиалының директоры А.Дәулетовтің айтуынша, кәсіпкерге құлпынай өсіру үшін 6 гектар және алма бағын отырғызуға 40 гектар жер телімі бөлінген.