Қаулыға сәйкес, Ақтөбе облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл жолы ауылдардағы мешіттерде өтетін жұма намазына қатысуға рұқсат бар. Алайда, талап бойынша адам саны 150-ден аспауы шарт.
«Бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат берілді. Тек адам саны 100-ден асып кетпеуі тиіс. Ал ауылдық жерлерде жұма намазы кезінде адам саны 150-ден жоғары болмауы қажет. Сонымен бірге театр, кинотеатр, концерт залдарының 50 пайызына адам жинауға болады», - деп жазылған облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бағылау департаментінің құжатында.
Бұдан бөлек, мектеп, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат берілді. Сауда, ойын-сауық орындарындағы мұз айдындарының қызметі де қайта жанданады. Мұнда әлеуметтік қашықтық сақталып, адамдар бетперде тағуы тиіс.