20 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Көктайғақ күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ертең Ақтөбе қаласында қар жауады, боран соғады. Көктайғақ болады. Батыстан күшті жел соғады, жел қарқыны - 16 м/с.