Ақтөбе облысында Ембіден Шалқарға баратын жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасын мен айналаның көрінбеуі салдарынан Ақтөбе облысында жол жабылды, деп хабарлайды ТЖК-ның баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 17:50-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолының Ембі қаласынан Шалқар қаласына дейінгі бөлігі (92-257 шақырым аралығы) барлық көліктер үшін жабық.