Жобаны Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері пилоттық режімде іске қосты.
Call center қызметі ауылшаруашылық жануарларын өсіретін кәсіпкерлерге ветеринарлық қауіпсіздік бойынша жедел әрі нақты кеңестер беруге бағытталған. Оған Ақтөбе облысының барлық тұрғындары хабарласа алады. «1432» нөміріне қоңырау шалу тегін.
«Орталықтың басты міндеті - жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету мәселелері бойынша білікті мал дәрігерін жалдауға немесе кеңес алуға мүмкіндігі болмайтын қарапайым ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ветеринария саласында кеңес беру. Қазіргі таңда шаруаларды жануарларды емдеу немесе эпизоотикалық жағдай мәселелері ғана емес, сондай-ақ жануарларды әкелу мәселелері де толғандыруда», - деді Call center үйлестірушісі Олжас Аусабаев.
Сарапшылар қатарында Ақтөбе облысының ветеринарлық дәрігерлері де, республиканың білікті сарапшылары да бар. Ақтөбе облысындағы Сall center жұмысы тиімді болып жатса, бұл тәжірибені республиканың басқа өңірлеріне енгізу жоспарланып отыр.