Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Ақтөбе-Атырау тасжолының Қарауылкелді ауылынан Атырау облысына дейінгі аралығында қозғалыс үшін шектеу қойылды. Сонымен бірге Шұбарқұдық-Қобда аудандарының аралығы жабылды.
«Сазды-Шұбарқұдық, Қопа-Қарауылкелді ауылдарының арасы да көктайғақ. Ақтөбе қаласынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін қозғалысқа шектеу қойылды», - деді облыстық Полиция департаменті бөлімінің бастығы Еркін Өтеген.
Бұған дейін ауа райының нашарлауынан Батыс Қазақстан облысында республикалық трасса жабылғанын жазған болатынбыз.