Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 00.10-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Жалын шарпыған аумақ 18 шаршы метрді құрады. Көмірқышқыл газына уланған 42 және 33 жастағы екі ер адам және 24 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.