«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі», делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің Telegram каналында.
13:12, 20 Желтоқсан 2021
Ақтөбе облысында күн райына байланысты көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында сағат 13.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Ақтөбе-РФ шек» автожолының 39-136 шақырымында, атап айтқанда, Шәмші Қалдаяқов ауылы мен РФ шекарасы арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.