Ақтөбе облысында күнбағыс, жүгері өсіретіндер көбейген

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес саласы дамып келеді. Мұнда күнбағыс, жүгері өсіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Мәртөк ауданы ауыл шаруашылығына қолайлы өлке. Мұнда шаруалар дәнді дақылдар егіп, мол өнім алып жүр. Алайда соңғы жылдары дәстүрлі емес шаруашылықтың үлесі артты. «Экопродукты Мартука» жеке кәсіпкерлігі 4 гектарға жүрегі, 2 гектарға құлпынай отырғызды. Өнім мол. Барлығы 7 тонна құлпынай жинады.

«Жалпы шаруашылық 2017 жылы құрылып, құлпынай өсіруді қолға алдық. Алғашында аумағы 1 га болды. Қазір 2 гектарға жетті. Сонымен бірге жүгері егіп отырмыз. Өте тәтті. Өнім облыс базарларына шығарылды, сұраныс жоғары», - деді шаруашылық басшысы Рахат Көпжан. Жақында соңғы технологиялық әдіспен 1 га аумаққа құлпынай егу жұмыстарын жүргізуді бастайды. Ресейден «Мальга», «Бъюти» және «Клери» секілді голландиялық сұрыптың элиталық көшетін сатып алуды жоспарлады. Егістік алқабының жалпы көлемі 27 га құрайды. Тағамдық жүгеріні Ақтөбе қаласынан өзге Қостанай, Атырау, Ақтау қалаларына жібереді. Мемлекеттік субсидияның арқасында құны 6 млн теңге болатын трактор сатып алған.


Аудандағы «РодникиАгро» ЖШС-і биыл 25 576 га жер алқабына ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. 635 га күздік бидай, 13 947 га бидай, 195 га тары, 5 142 га күнбағыс, 5 396 га мақсары, 456 га біржылдық шөп бар. Бүгінгі күні 635 га күздік бидайдың түсімі гектарына 12 центнерге жетті. Мұнда сағатына 24 тонна дақылды кептіретін база жұмыс істейді.

«Мұнда күнбағыс 5 мың га егілген. Егер субсидия болса көлемін ұлғайтып, осы бағыттағы ісімізді жандандырғымыз келеді. Күнбағыс Ақтөбе жеріне жақсы өседі», - деді агроном Маратбек Алмұратов.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданындағы бірқатар ауылшаруашылық нысандарын аралады. Алдымен Хазрет ауылдық округіндегі дәнді-дақыл өсірумен айналысатын «Коквест» ЖШС- де болды. Егін жинау жұмыстарымен танысты.


«Биыл 4138 га бидай, 911 га арпа, 320 га сұлы,100 га жүгері еккен. Биыл ауа райының қолайлы болуына байланысты егін бітік шықты. Күздік егінді жинау тамыз айында басталды. Мәртөк ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Шамиль Сариннің айтуынша, ауданда 126 мың га егістік алқап бар. Оның 62 мың га дәнді-дақылдар егілген. Бірнеше шаруа өожалығы өз жұмысын көрсетті. Аймақ басшысы Мәртөк ауылындағы автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстары мен аудандық орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Жобалар «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жергілікті 42 азамат жұмыспен қамтылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар