Мұндай жағдай әдетте Бофорт бағамы бойынша мықты дауыл ретінде бағаланады. Мұндай жағдайда көптеген шығындар болуы мүмкін. Тіпті талдарды тамырымен жүлып әкететін кездер болады.
Осыған қарай ТЖД облыс тұрғындарына жарақат алып қалмау үшін терезеден қашық жүруге кеңес береді.
«Ғимараттардан тек аса қажет жағдайда ғана шығу керек. Мүмкіндігінше жалғыз шықпаған жөн. Көшеде жүргенде талдардан, жарнама бағандары сияқты қауіп тудыруы мүмкін құрылғылардан аулақ жүрген жөн. Желдің екпіні басылысымен көшеге шығуға тыйым салынады»,- деп кеңес береді құтқарушылар.