Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінен хабарлайды.
«Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнынан құрамында 3 адам бар тікұшақ экипажы мен бір жолаушы автокөлікпен Бозой станциясына жеткізілді», - деп хабарлайды ведомстводан.
Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті аталған іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.