ТЖ 15 желтоқсанда болған. Бұзылған автобус ісі қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, себебі ауа температурасы 23 градус аязды көрсетіп тұрған және желдің екпіні күшейген.
Автобуста 48 Өзбекстан азаматы болған. Олар Ресейде жұмыс істеп, елдеріне қайтып келе жатқан. Оқиға орнына келген Ырғыз аудандық әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы жағдайды бағалап, ТЖ арнайы техникасын шақырған және жолаушыларды көлікке отырғызып, жылыту бекетіне жеткізген.