8 наурыз күні елорда уақытымен сағат 17:00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» тас жолының 776-836 шақырымында (Белогорка - Хромтау) және 615-710 шақырымында (Қобда - Күршісай) барлық автокөлік түрлері үшін шектеу салынды.
Сонымен бірге, сағат 16:30-да «Ақтөбе-Орск» тас жолының 39-136 шақырымында (Ш.Қалдаяқов ауылы – РФ шекарасы) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Айта кетейік, бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты БҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу салынды.