«Өткен түні коменданттық сағат тәртібін бұзған 367 адам полицияға жеткізілді. Сонымен қатар тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған және іріткі салған 11 күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 1 –бөлігіне, яғни «Жаппай тіртіпсіздікті ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Қалғандарының іс-әрекетіне заңды баға берілуде.
Облыс тұрғындарынан тыныштық сақтап, дүрбелеңге салынбай, араңдатушылыққа ермеуді сұраймыз», - деді Ақтөбе облысының коменданты Қанат Әлиев.
Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында құқықтық тәртіпті бақылау жүмысы жалғасып жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында сұйытылған газ бағасы 50-55 теңге болды.