«Үй тұрғындарынан сұрау барысында үйдің жабындысы қирауына бастапқы себепші пәтердің бірінде газ жарылуы себепші болуы ықтимал екендігі анықталды. Үй екі қабатты, үш кіреберістен тұрады. 1974 жылы пайдалануға берілген», - дейді Руслан Иманқұлов.
Газ жарылысынан шыққан өртті сөндіруге 11 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.
«Қазір оқиға орнына Ақтөбе облысы ТЖД-ның көшпелі өрт зертханасы жіберілген. Оқиғаның мән-жайы анықталады», - дейді Р. Иманқұлов.
Бұған дейін жергілікті БАҚ оқыс оқиға жұма күні түнге қарай болғанын жазды. Жарылыс болған дыбыс шыққан пәтерде ешкім тұрмаған, күндіз онда газ құбыры жөнделіп, дәнеркерлеу жұмыстар жүргізілген.