«Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің аумағында орналасқан «Саят» шаруа қожалығында ұсақ мал арасынан шешек (күл – автор түсіндірмесі) ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын және ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ойыл ауданы әкімдігінің шешім-жобасында.
Мәлім болғандай, шектеу шараларын қолдануды көздейтін құжат 16 шілдеден бастап күшіне енеді.
Еске салайық, бұған дейін ұсақ малдан анықталған күл ауруына байланысты ШҚО-дағы екі ауыл карантинге жабылған еді.
Сондай-ақ, бірнеше ай бұрын Катонқарағай ауданында 200-ден астам ұсақ малдан күл ауруы анықталды.