Ведомствода хабарлағандай, көліктің нөмірінде өңірдің коды болған - Х. Бірақ онда тұрақты рейстік бағдар жасамаған.
«Тұрақты рейстердегі автобустар автовокзалдан немесе автостанциядан шығуы тиіс. Бұл автобус тұрақты емес. Оны аталған жерге дейін алып бару үшін жалдаған», - деді телефонмен ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында.
Еске салайық, Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты.