АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жазғы үй өртеніп, екі адамды күйік шалды. Оларға дәрігерлер көмек көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше сағат 18:46-да Ақтөбе қаласы Оңтүстік-Батыс-1 ауданы, Құрмашев көшесі мекенжайы бойынша жазғы үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнында 21 адам және 4 техника жіберілді.
Арада 30 минут өткенде өрт толық сөндірілді.
Өрт кезінде 1948 жылы туған ер адам және 1952 жылғы әйел зардап шеккен.
«Қазіргі уақытта зардап шеккендерді апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері қарап жатыр», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер жедел қимылдап, көрші орналасқан екі қабатты екі үйді аман алып қалды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.