«25 ақпан күні сағат 13:00-де Өлке кенті ауданындағы «Қарабұтақ-Қостанай» автожолында 4 адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, Армения елінде есепте тұрған «Honda» (минивэн) автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Алматы облысының 52 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Volvo» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Honda» жүргізушісі мен ондағы үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Осыған байланысты Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жол белгілерінің талаптарын орындауды ескертеді», - делінген ақпаратта.