Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы мерт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол апатынан Қырғызстан азаматы мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Ырғыз ауданы Қалыбай кентінің жанындағы Самара – Шымкент автожолында көліп апатқа ұшырап, соның салдарынан 1 адам мерт болды. ВАЗ 2105 автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы, рульді басқара алмай, кюветке шығып, аударылып қалған.
Апат салдарынан ВАЗ 2105 автокөлігінің 31-жастағы жолаушысы, Қырғызстан Республикасының азаматы, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақаттармен Ырғыз орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.





Фото: polisia.kz