Жол-көлік оқиғасы 3 наурызында Ырғыз ауданының Қалыбай ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.
Жолда Volvo маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. DAF автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы, оқиға орнында көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.
09:31, 04 Наурыз 2023
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматы көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жол апатынан Тәжікстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz cілтеме жасап.