Оқиға 6 шілде Шалқар ауданының аумағында Самара-Шымкент тасжолының 1235 шақырымында болды.
Hyundai Sonata автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Iveco Magirus жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі, сондай-ақ 20 және 23 жастағы үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.