Қазақстан жолдарының жағдайынан хабар беретін интерактивті картаға көз салсақ, батыс аймақтарда боран күшейіп тұр.
Осыған байланысты 14 қаңтар кешкі сағат 21:30 бастап «Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 245-330 шақырымында автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.
Бұл - Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі аралық.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласының маңындағы Солтүстік айналма жолының 25-39 шақырымында да 15 қаңтар түнгі 00:10 бастап көлік қозғалысына шектеу қойылған.