Ақтөбе облысында жол және патрульдік полиция жасақтарының тығыздығы көбейтілді

АҚТӨБЕ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз айының 28-нен 30-на дейін Ақтөбе облысының аумағында «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде жол және патрульдік полиция жасақтарының тығыздығы көбейтілді, көліктік құралдар жүргізушілерінің жылдамдық режимін сақтау бойынша бақылау күшейтілді.

Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын орындарда жол полициясының жасақтары тұр.

Осылайша, бірінші күннің қорытындылары бойынша ЖПБ-ның инспекторлары жол қозғалысын бұзудың 483 фактісін анықтады, соның ішінде 51 жүргізуші жаяу жүргіншілерді өткізбесе, 142 жаяу жүргінші жолдарды анықталмаған орындарда өткен.

Жүргіншілерге байланысты әкімшілік хаттаманы толтыру үшін өзімен бірге жеке куәліктің бар болуы қажет. Құжаттары жоқ жаяу жүргіншілерді полицейлер полицияның жақын жерде орналасқан бөліміне жеткізіп, оның тұлғасын анықтап, әкімшілік хаттама толтырады.

Жыл басынан бері 2291 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 45 адам зардап шегіп, 9 жаяу жүргінші қаза тапты.