Оның дерегінше, бүгін таңертеңгі сағат 9 шамасында Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданының Дон елді мекенінің тұсында, «Самара-Шымкент» автожолының 854 шақырымында «Неоплан» маркалы автобус бұзылып, жолда қалған. Оқиға орнына Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері арнайы көлікпен барған.
«8 адам құтқарылды. Оның жетеуі Өзбекстан азаматы болса, біреуі - қазақстандық. Барлығы да Хромтау ауданындағы «Аманат» дәмханасына жеткізілді», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.