«4 наурыз күні Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы – барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу басталды және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
19:11, 04 Наурыз 2023
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, 4 өзбекстандық қайтыс болды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, 4 шетелдік қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.