Ақтөбе облысындағы бірнеше жол боран салдарынан жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурызда Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірнеше республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу сол қалпында қалдырылды.

20 наурызда ауа райының қолайсыздығына (қар, боран, көктайғақ, жолдың көрінбеуі) байланысты республикалық маңыздағы жолдардың: «Солтүстіктегі айналма жол» (0-39 км, Ақтөбе қаласы); «Самара - Шымкент» (773-965 км, Белогорка кенті - Хромтау - Қарабұтақ ауылы); «Ақтөбе-Орск» (16-135 км, Ақтөбе қаласынан - РФ шекарасына дейін) учаскелері жүк көліктері үшін; облыстық маңыздағы жолдардың: «Донское - Бадамша» (17-76 км); «Ақтөбе - Родниковка - Мәртөк» (10-74 км); «Қобда-Мәртөк» (0-50 км) учаскелерінде көліктердің барлық түрлері үшін жабық.