ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, ауқымды жұмыстар жобаның алты учаскесінде жүргізіліп жатыр. Олар келер жылы аяқталады деп күтілуде.
Жобаның жалпы ұзындығы 299 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жер төсемін салу мен ірі түйірлі асфальтбетоннан төменгі және қиыршықтас-мастикалық асфальтбетоннан жоғары қабатты орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, су өткізу құбырлары мен мал өткелдерін монтаждау да жүзеге асуда. Жолдың 160-220 шақырымдарында жұмыстардың 90%-ы атқарылған.
Жобаның мердігерлері – «Todini Construzioni Generali S.p.A», «Аккорд құрылыс өндірістік инвестициялық корпорациясы» ААҚ» БК, «Shanghai Construction Group Co., Ltd», «Ақ жол кұрылыс» ЖШС мен «Ant Insaat Maden Sanayi A.S.».
Биыл қозғалыс Ақтөбе облысының 154 шақырымында және Атырау облысында төсемнің төменгі қабаты бойынша 128 шақырымында ашылады деп жоспарланып отыр.
Реконструкцияның нәтижесінде «Қандыағаш-Мақат» тасжолы ІІ техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Ал бұл өз кезегінде жолдағы уақыттың қысқаруына септігін тигізбек.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда құрылыс пен қайта жаңарту жұмыстарымен республикалық маңызы бар автожолдардың 4 мың шақырымы қамтылған.