Бүгін әлеуметтік желілерде Ойыл ауданының Көптоғай ауылын жауған жаңбыр мен еріген қар суы басып қалды деген ақпарат жарияланды. Осы жағдайға байланысты келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта ауылда жағдай тұрақты, тұрғын үйлерді су басу қаупі мен фактілері жоқ. Соңғы екі күнде ауылдық округ аумағында қар, жаңбыр жауды. Нәтижесінде еріген қар мен жаңбыр суы өз арнасымен ағып жатыр. Су басу қаупін болдырмау мақсатында волонтерлер мен арнайы техника жұмылдырылды. Қазір судың деңгейі төмендеді. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев жұмысшылармен бірге. Аталған мәселе облыс басшылығының бақылауында, -
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінен атап өткендей, Көптоғай ауылындағы жағдай әлеуметтік желіде жарияланды. Онда қар еріп, жаңбыр жауған кезде су ағыны күшейіп, ауыл көшелерімен ағып жатқанын көруге болады.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша да, Ойыл ауданында бірнеше күннен бері жауған қар мен жаңбыр әсерінен жиналған қару суы өз арнасымен ағып жатыр. Үйлерді су басу қаупі жоқ.