Оқиға орнына келген құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде көршілес пәтерден 8 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
«Өрт сағат 18:28-да сөндірілді. Жалын шарпыған алаң 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі - үй иелері майшам жағып, қараусыз қалдырған», - деп жазды министрліктен.