Ақтөбе облысындағы шекаралас кенттер жойылып кетуі мүмкін
Кесте нені қай жерде салу керек, Ақтөбе агломерациясын қалай салу керек және оған не кедергі болып отыр, деген мәселелерді көрсетеді.
«Өңір дамып келе жатыр, алайда әлеуметтік пролемалар бар»,- деді кестені таныстырушы Қазақстан Қала құрылысы одағының президенті Любовь Нысанбаева.
«Олардың бірі ауылдағы халық санының азаюының алдын алу. Ақтөбе облысының аумағында белсенді түрде қалалану үрдісі жүріп жатыр. Егер бұл үрдіс осы қалпымен жалғаса беретін болса шекаралас аймақтар бос қалады. Облыс Ресеймен, Өзбекстанмен шекараласқан. Сондықтан бұл жердегі проблема - аумақ халқын қалпына келтіріп, дамытуда»,-деп қосты ол.
Нысанбаеваның айтуынша, 2040 жылы да облыста келушілерге қарағанда, кетушілердің саны басым болады.
Бұл сөз өңір басшысын таңқалдырды.
«Облыста бала туу көрсеткіші артып келе жатыр, мұндай жағдайда тұрғындар басқа жаққа қалай көшпек?», - деп таңқалды Б. Сапарбаев.
«Көші-қонның теріс сальдосы қайдан келді? Оң көші-қон жайлы мәселе қоюымыз керек. Сонда ғана экономика мен адамдардың әл-ауқатының дамуы туралы айта аламыз»,- деді әкім.