Ақтөбе облысындағы желдің күшейуіне байланысты жол жабылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желге байланысты Ақтөбе облысы «Ембі-Шалқар» бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаментінен хабарланғанындай, облыстағы өзге жолдар әзірге ашық. Алайда, 24 қаңтар күні желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам бар.