ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 39 жастағы автокөлік жүргізушісі жылдамдықты арттырып айдап, автокөлік жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен.
Апат салдарынан 39 жастағы әйел жүргізуші және Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып табылатын оның 35 жастағы жолаушысы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Аталған ЖКО фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қаза тапқан әйелдің көлік жүргізіп жүргеніне 1-ақ жыл болған.