Кеше аймақтағы біраз жолдар жабылып, ескерту жарияланған болатын.
«Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауа райының жақсаруына орай облыстық маңызы бар Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк (0-265 шақырым, Шұбарқұдық-Қобда ауылы.) автожолы мен Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық (17-190 шақырым, Сазда-Шұбарқұдық ауылы.) аумағындағы көлік қатынасы ретке келтірілді.
Сонымен қатар, ауа райының жақсаруына қарай Құрайлы елдімекенінен бастап Ресей шекарасына дейінгі Ақтөбе-Мәртөк-Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар автожолдағы шектеу алынып тасталды. Бұл жолдар кеше көктайғаққа байланысты жабылған болатын», - деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.