Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Ақтөбе облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне Әбілхайырхан даңғылында орналасқан пәтердің бірінде есірткі пайдаланушылардың жиналатындығы туралы ақпарат келіп түскен.
Ақпартты тексеру кезінде аталған мекенжайда есірткі падайланатыны расталды. Үйді тінту барсында пайдаланған шприцтер, амиак ыдысы және көкнәр салынған пакет табылды. Ал 48 жастағы үй иесі пәтерін қолдан жасалған есірткіні пайдаланушыларға арналған притонға айналдырғанын мойындады.
Қазіргі таңда, осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 302 бабы, 1 тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.
Жыл басынан бастап полицейлер 8 есірткі пайдалану ошағын анықтады.