Ақтөбе полицейлері есірткі салынған түйіншіктер мен оларды жасырған күдіктілерді ұстады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полицейлері есірткі салынған түйіншіктер мен оларды жасырған ер және әйел адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Полиция департамені Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде екі делдалды ұстады. 28 жастағы екі ер адам және 22 жастағы әйел қолға түсті. Олардан көк түсті ұнтақ заты бар 26 түйіршек табылып, тәркіленді.

«Ұсталғандардың айтуынша, олар әп сәтте 10 есірткі түйіршігін жасырып үлгерген. Кейін соны полиция қызметкерлеріне көрсетті. Сондай-ақ, күдіктілердің интернет-дүкендер арқылы есірткі заттарын өткізумен айналысқаны анықталды. Әйелдің өзі де тұтынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткі затын насихаттайтын және сататын интернет-сайттарға сілтемелер таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін еске салады. Кінәсі дәлелденсе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін