Ақтөбе полициясы іздеуде жүрген 16 адамды тапты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер «Іздеу» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 16 адамды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іздеу жұмысы ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен бірге жүргізілді. Нәтижесінде 9 адам Ресей, бір адам Қырғызстанда табылды.

«Ресейлік әріптестерімен бірлескен іздестіру шарасы барысында 2020 жылдың қарашасынан бері іздеуде жүрген 32 жастағы әйел Иркутск қаласында ұсталды. Сонымен бірге жоғалған 9 азаматтың орналасқан жері анықталды. Олардың бірі Ресей Федерациясының аумағында табылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.