Ақтөбе облысының Алға ауданы Еркін күш ауылы маңындағы зиратқа өзгенің бейітіне тағы бір адамның жерленгені белгілі болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, белгісіз біреулер әйел адамды арулап көмген, бірақ аты-жөні жазылмаған.
Қазіргі уақытта облыстық ІІД оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады.
«Өзгенің бейітіне белгісіз адамның жерленуі дерегі бойынша тергеу жұмыстары басталды. Зерттеу жүргізіледі. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бейітте табылған екінші адамның мүрдесін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Облыстық ІІД қосымшы мәліметті тек сараптама қорытындысынан соң хабарлайтынын жеткізді.